Ғалымжан құдаға

Бұл бетте «Ғалымжан құдаға» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1044
Көшіп кетіп ауылға алыс,
Тұрақтаған Ғалымжан,
Астанадан жастығы өткен
Жырақтаған Ғалымжан!
Ата атанбай жүргенімен,
Батагөйлік жарасқан!
«Өмір-өзен иірімін
Игеруге талаптан...»
Деген тілек жолына арнап,
Ұрпақ қамын ойға алған,
Босағаңда талай тойың
Тосып тұрған тойланар!
Алыс сапар... игі тілек
Орындалып аман жүр,
Отбасыңа, жан-жарыңа,
Мен тілейін амандық!
Мерейі өскен ата-әже боп,
Гүлзираңмен бір жүргейсің!
Ұл-қыздарың үмітті ақтап,
Ұзақ ғұмыр бір сүргейсің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғалымжан құдаға өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Ғалымжан құдаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғалымжан құдаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғалымжан құдаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері