Ағамен сұхбаттардан – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Ағамен сұхбаттардан» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1263
(Әбiш Кекiлбаевқа)

1. Диалог
Дедi Ағам:
– Анау Темiрқазық,
Анау Жетiқарақшы,
Анау Ақбозат, Көкбозат!
Бiлсең, iнiм, аспанда да, жерде де,
Байланысқан бiз бiлмейтiн көп ғажап.
Дедiм мен де:
– Анау Үркер...
Кiмдi iздейдi сабылып,
Ынтығады аласұрып, сағынып.
Жетiқарақшы алып қашқан қызының,
Тiлейдi ме гүлдегенiн бағының.
Тыншымайды, көк аспанды кезедi,
Қыз-гүлiнiң оралмасын сезедi.
Сезген сайын, сезген сайын қуады,
Өртенiп ой өзегi.
Бұ не ғажап аспанда да жүргiншi ел,
Бұ не ғажап аспанда да сүргiн сел.
Қарақшыдан қалар едiм қызды алып,
Көкбоз атты жетектеп,
Ақбоз атқа бiр мiнсем!..
Дедi Ағам:
– Әртүрлi өмiр әр пендеге дарыған,
Бiр жүректе мейiрiм мол,
Бiрi аяз боп қарыған.
Аспан кейiн (қақты арқамнан) әуелi
Арылалық жердiң қарақшыларынан...

2. Сыр
– Өлкемiз күй мен жыр кенi,
Сыйқырлап кеткен сыр кенi.
Жазсақ деп соны талпынған
Менi де қаққан бiр Перi,
Сенi де қаққан бiр Перi.
Иектейдi олар жалқыны,
Сыр ашар солар арқылы.
Ұстатқан қалам маған да,
Ұстатқан қалам саған да,
Сол Перiнiң салқыны.
Құйылсын құттың нұры – сел,
Дүниеге керек дұрыс Ем.
Өз орнын таппай жүргеннiң
Бiрi мен, iнiм,
Бiрi – сен.
Ұялаған шақта басқа –
Арман,
Жырақтап топтан, достардан.
Менде де, iнiм, бiр кезде,
Дәл сендей
Қап-қара бұйра шаш болған,
Қап-қара бұйра шаш болған...
– Деп Ағам бiр сәт қалды үнсiз,
Желiмен толқып салқын күз.
Тулады шашы көк бурыл,
Бұзбадық оның қалпын бiз.
Бұзуға сiрә, батпадық.
Жанары тұрды шоқтанып.
Жанында аға тоғыз балл,
Бiр дауыл тулап жатты анық.
Ұғылмас Дана тылсымы
Жалғанса дедiм сыр сымы.
Айтты оған бiр гәп мен бiлсем,
Күйкеннiң сонау тұмсығы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағамен сұхбаттардан өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Ағамен сұхбаттардан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағамен сұхбаттардан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағамен сұхбаттардан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері