Менің клеопатрам – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Менің клеопатрам» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2016
  • 0
  • 0
  • 1894
Арнадан асып сыймаған,
Жүректе жатыр әндерім.
Жаныма гүл сыйлаған,
Ізбасар ұл сыйлаған,

Сен - Клеопатрам менің.
Даралығымды кіндіктен,
Ұғып біліп,
Жара-мұңымды кірпіктен,

Ұмыттырып.
Жіберген, иә, сен
Клеопатрамсың,
Күліп тұрып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері