Жапырақ, қайран жапырақ – Хамит Есеман

Бұл бетте «Жапырақ, қайран жапырақ» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 531
Жапырақ, қайран жапырақ,
Көзіңнен бір мұң оқып ап –
Кеткендей болды әуелі,
Қырық қабырғам қақырап.
Жапырақ, қайран жапырақ!
Көктемде қайта көктейсің,
Оныңды міндет етпейсің.
Тапталмай табандыларға,
Көктемге аман жеткейсің.
Күрең күз келсе тапталдың,
Тірідей жетім боп қалдың.
Халіңді көріп қауқарсыз,
Алдында жырдың ақталдым.
Пенделер сені таптайды,
Ойланып бірақ жатпайды.
Қайырсыздығы үшін де,
Оларды тағдыр соттайды.
Сотталса мейлі сотталсын,
Тозақ отына қақталсын.
Сені таптаған табандар,
Табандыларға тапталсын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жапырақ, қайран жапырақ өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Жапырақ, қайран жапырақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жапырақ, қайран жапырақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жапырақ, қайран жапырақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері