Аққұба – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Аққұба» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1812
Аққұба-ай, Қарашашпен-ау, аулың сыбай,
Аулыңа келген айдап жағдай солай.
Көтеріп-ай, дәрежеңді-ау, бір тастайын,
Жас көңіл болып тұрса бұрынғыдай.

Қайырмасы:
Ей! Аққұба, жан сәулем,
Іздегенім сен едің,
Айдаридай-ай.

Аққұба-ай, айналайын-ау, асыл досым,
Келмейді сенен бөлек көңіл қосым.
Күнелтіп-ай, сайран етіп-ау, жүрер болсам,
Сырымның жасырайын сенен несін.

Қайырмасы:
Ей! Аққұба, жан сәулем,
Іздегенім сен едің,
Айдаридай-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері