Бұқа мен бұзау

Бұл бетте «Бұқа мен бұзау» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 5760
Мөңкіді бір күн ойнақтап Бұзау,
Демеді мынау жар менен құз-ау.
Шаншылып құйрық, көсіліп аяқ,
Барды да жүрген Бұқаға таяп:
– Қараңыз, аға, тұлғама менің,
Ойлаймын, сірә, емес деп тегін.
Сіздей боп алда өсем бе мен де?
Сол кезде Бұқа:
– Ой, тентек, сен бе?
Сүйегің осал, ерінің жұқа,
Боламын дейсің қалайша Бұқа?
Есірме текке, есалаң жарым,
Бәрібір маған жетпейді әлің, –
Деді де қатта Бұзауды сүзіп,
Жіберді қуып, күдерін үзіп.
* * *
Арада айлар, жылдар да өтті,
Жас Бұзау әбден кемелге жетті.
Бір күні Бұқа кезікті жолда,
Қалыпты байқап Бұзауды ол да.
Денесін көріп өзінен алып,
Сәлемін берді иіліп барып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұқа мен бұзау өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бұқа мен бұзау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұқа мен бұзау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұқа мен бұзау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері