Кеңгірбайды жоқтау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Кеңгірбайды жоқтау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған жоқтау өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3107
Алты атасы бай өткен,
Алты атанға жүк артқан.
Жеті атасы бай өткен,
Жеті атанға жүк артқан.
Үйде сұңқар түлеткен,
Қияда сұңқар тілеткен.
Алтайы қызыл түлкі алған,
Қиядан барып теке атқан.
Баршаны бөздей жырттырған,
Жібекті жүндей түттірген.
Қонақ келсе, «қон» деген,
Қой семізін «сой» деген.
Тойға қазан астырған,
Жақсылыққа көзін жеткізген.
Шылаушын салып ат мінген,
Шыңыраудан алып су ішкен.
Шынжырлы қауға тарттырған,
Қайыңнан астау шаптырған.
Қаптатып жылқы жаптырған,
Айдалаға айдатқан,
Тұлымдыға байлатқан.
Мұңғұлдан жылқы қудырған,
Құлынын жолда тудырған.
Жамбасынан отырған,
Бес теке паршадан тон киген.
Жеті рудан қол жиған,
Әуелі Құдай қалаған,
Асылы нұрдан жаралған,
Ақ сұңқардай түлеген.
Тояты әбден қанған соң,
Алыстан дұшпан аттанса,
Қарт бурадай жараған.
Барғанда төре таныған,
Қайтқанда қара қамаған.
Қарасы мен төресі
Қамап ақыл сұраған.
Айдының Алатаудай бар еді,
Қайратың Қаратаудай бар еді.
Қарыппенен қасырға
Сауып тұрған бие еді.
Жетім менен жесірдің
Айттырмай мұңын біледі.
Толарсақтан саз келсе,
Қажымай оған күледі.
Қабырғадан қан келсе,
Қажымай оған күледі.
Арғын, найман—Орта жүз,
Қылыш жанай жүреді.
Суытып қойған тұлпары
Алпыс басты ақ орда,
Ақ сұңқар үйде тұрғанда,
Күні де, түні де базарым.
Алладан қайтты назарым,
Бетімнен кетті ажарым.
Хан иеміз кеткенде,
Бір күнде кетті базарым.
Жаздыгүні болғанда,
Күннің көзі байланған,
Ақ сұңқар ұшып ұядан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеңгірбайды жоқтау өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Кеңгірбайды жоқтау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеңгірбайды жоқтау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жоқтау өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кеңгірбайды жоқтау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері