Балада да

Бұл бетте «Балада да» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1067
Балада да,
алпысқа келген қартта да,
кедейде де жүретiн ылғи от қармап,
хандарда да отырған тажал тақтарда,
қорқақта да жататын жалғыз бас бұғып,
батырда да қайратын жүрген тасқа ұрып,
ақында да кеудесiн кескен жас тiлiп, –
мейлi олар сапарласын
тауларды,
шөлдi,
теңiздi,
мейлi олардың тұрағы болсын
құлаңдар жортпас құла түз,
бiрдей екен бәрiнiң де қызуы –
36 градус.
Елу градус
қақаған боран Сiбiрде сыңсып соқпасын,
елу градус
шыжыған ыстық түстiкте қаңсып қақтасын,
дегенмен бiрақ туасы
Жатпайды екен өзгерiп
адамның температурасы.
36 градустың қызуы:
қайната алмас суыңды,
бу ете алмас көлiңдi,
балқыта алмас темiрдi,
тұтата алмас көмiрдi.
Дегенменен, бiр тәулiктiң iшiнде
мың сан жылап,
мың сан рет тойлаған,
мың сан рет ашкөзденiп,
мың сан рет ойлаған
дүние жатыр аласұрып, аунақшып
36 градуста қайнаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балада да өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Балада да өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балада да өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балада да өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері