Шаруа мен қой

Бұл бетте «Шаруа мен қой» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1442
Шаруа Қойды сотқа берді айыптап;
Түнде маған қиянат іс қылды деп.
Табан асты талқан болып Түлкі сот,
Екі жаққа сұрақ қойды байыптап,
Бастан-аяқ баяндауын өтінді:
Айыпкерге кінә тақпақ не түрлі?
Шаруа айтты: «Осы жақын арада,
Ерте тұрып, таппадым қос тауықты,
Орнында тек жүн-жұрқасы қалыпты,
Жалғыз ғана Қой бар-тұғын қорада».
Түні бойы ұйқтадым деп Қой тұрды,
Куәлікке көршілерін келтірді.
Олар айтты: «Қойда сөз жоқ е деген,
Не ұрлықты
Білмейді не қулықты
Және, тіпті, ет дегенді жемеген».
Түлкі, бірақ, шығарды үкім не деген?
«Қойдың сөзін тыңдап сірә болар ма?
Дау тыйылсын одан да,
Өсекшілер әрқашанда әккі ғой.
Қарар болсақ сол түнгі анықтамаға –
Қасынан Қой кетпей қойған қадала,
Тауық шіркін тәтті ғой.
Жағдай туған қолайлы,
Білем оны өз арыма орайлы:
Кетсе ниет ауып бір,
Жемей болмас Тауықты.
Қой жазасын тарту керек сол үшін,
Етін сот жеп, құнкер алсын терісін».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаруа мен қой өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шаруа мен қой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаруа мен қой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаруа мен қой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері