Солған адам – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Солған адам» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1178
Көздеуменен қара бас, құлқын қамын,
Атақ пенен даңқа ұмтылмағын.
Біле білсең ұлықтар ұлтың барын,
Мүмкін емес ешқашан ұмтылмағың.
Таққа отырып, табанда төрге шығып,
Озамын деу өзгеден – пендешілік.
Талант болсаң, тарихың танып алар,
Қалғаныңмен қатардан сәл кешігіп.
Басқаларды менсінбей, дара шалқып,
Өзін ғана өзгеден санаса артық,
Ондай жанды уақыт орныменен
Жібереді жусаннан аласартып.
Болған адам ешқашан болдым демес,
Толған адам ешқашан толдым демес.
Ең сорлысы сорлының сол емес пе?
Солған адам ешқашан солдым демес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Солған адам өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Солған адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Солған адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Солған адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері