Соқпақтар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Соқпақтар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1145
Қарақұм бұл –
Жолсыз дала көсілген.
Алақанның
Аясындай өресі,
Тек жіңішке
Соқпақтарды көресің.
Оның өзі
Жүгіргенмен алға көп,
Жоғалады
Құм төбелер,
Жарға кеп...
Қарап тұрсаң;
Соқпақтың көп жаулары:
Ескен жел де,
Көшкен құм да,
Тау-дағы.
Бірінен соң
Бірі жасап шабуыл,
Тып-типыл ғып,
Көрсетеді адуын.
Соқпақтарға
Бәрінен де ауыры –
Адамдарсыз
Жалғыз жадап қалуы.
Адамдарды
Аңсап олар тосады,
Мұңмен мүлгіп,
Бетін құм, шөп басады.
Қалай ғана
Көмектессек оларға?
Көмектесу
Бірақ, оңай болар ма?
Бәрінен де дұрысы –
Ауыр демей жұмысы,
Жарып өтіп,
Құмнан сол
Салу керек тыңнан жол...
Соқпақтар да жарысып,
Үлкен жолмен табысып,
Көруге оны асығып,
Жазда да ыстық, қапырық,
Қыста да аяз, қары бар
Елдер сонда ағылар!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соқпақтар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Соқпақтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соқпақтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соқпақтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері