Алакөлеңке және сурет – Арман Әділбек

Бұл бетте «Алакөлеңке және сурет» атты Арман Әділбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1035
Сағаттың сырт-сырт соғылған үні барған сайын зорайып бара жатты.

Терезеден түсіп тұрған шырақтың сәулесі
Буалдыр ғана қараңғылықты кескілеп өтіп қабырғаға өрнек салыпты,
Ағаш бұтақтары,
Және,
Жақтауға сүйей салған әлдебір нәрсенің сұлбасы.

Жарық болғанда ғана көлеңкелер пайда болатынын,
Тіпті аса күшті жарықтың қараңғылықпен айырмасы жоғын,
Қабырғадағы мұнартып тұрған суретке телміріп жатып түсінгендей болдым.

Сырт жақта мен үшін маңызды ештеңе жоқ сияқты,
Жұлдыздар,
Ай,
Бұлыт,
Қар жамылған қала,
Алыстан үні талып естілген көліктер .

Ұйықтап қалудан қорықсам да,
Оянып кетуден қаншама үрейленетінімді,
Өліп қалудан қорықсам да,
Тіріліп кетуден қаншама үрейленетінімді,
Кім екенімді білмеуден қорықсам да,
Кім екенімді білуден қаншама үрейленетінімді ойлап жатып кірпігім айқаса бастады.

– Қайырлы түн,- дегендей сыбыр естілді,
Мырс еттім.
Бағана ғана тартқан шылым түтінінің сөз көлеңкелерінен құйылған мүсінді айнала қалқығанын өң мен түстің ортасында шала-шарпы шырамыттым да,
Қабырғадағы ала көлеңкеге қарап дұға жасадым,
Ол маған түсімде әлдене айтқысы келетін сяқты.

Сағаттың сыртылдаған үні барған сайын әлсіреп
бара жатты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алакөлеңке және сурет өлеңінің авторы кім?

Арман Әділбек — осы өлеңнің авторы.

Алакөлеңке және сурет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алакөлеңке және сурет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арман Әділбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алакөлеңке және сурет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері