Бұл бетте «Мұңайып жүрмін білдірмей» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мұңайып жүрмін білдірмей,
Үміттің отын сөндірмей.
Өзіңмен болған бал-шақтар,
Өтіп бір кетті бір күндей.
Жымиып жүрмін қуанбай,
Бақыттың күні туардай.
Айта алмай жүрмін ардақтым,
Айтқызбай келіп ұғардай!
Сездірмей жұмбақ сырыңды,
Жүрегің кімге жылынды.
Өзіңсіз қалай өткізем,
Ұп-ұзақ мынау ғұмырды.
Күлімдеп жүрмін күйзеліп,
«Сүйемін» деші, сөз беріп!
Көктем боп жүрген көркіме,
Қонақтап алды күз келіп.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі