Орыссыз орыс мектебі

Бұл бетте «Орыссыз орыс мектебі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2876
Естімеген елде көп,
Есек мінген пенде көп, –
Деген сөзді естігелі,
Етек жиып, ес білгелі,
Талай жерді шолдым,
Талай елді көрдім.
Әкесін сабағаннан,
Итше талағаннан
Ең сорақысын енді көрдім.
Өз көзіме сенбедім,
Бұл сөзіме сен менің.
Бес жүз үйлі ауылдың,
Кәдімгідей қауымның
Ішінде бір орыс жоқ,
Не бөтендей қоныс жоқ.
Бірақ та, бір ғажабы –
Сол елдің бар қазағы
Орыс мектеп ашыпты,
Сонша неден сасыпты?
Мың екі жүз баланың
Бірі орыс болар ма?
Беріп жүрген сабағын
Ұстаздарға қарағын –
Кіл қазақтар олар да.
Сонда не ұтты?
Не бітті?
* * *
Түсірмейді сөз құнын
Елім деген есі бар.
Өзекке ұрып өз тілін,
Өзге тілде несі бар?
Орыстарға орысша
Үйретеміз дей ме екен?
Әлде, бастап зор істі,
Керемет бір келісті
Күй кешеміз дей ме екен?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орыссыз орыс мектебі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Орыссыз орыс мектебі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орыссыз орыс мектебі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орыссыз орыс мектебі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері