Жылап жатам, төсектен тұрам жылап – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жылап жатам, төсектен тұрам жылап» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1439
Жылап жатам, төсектен тұрам жылап.
Жеңілдік жоқ жаныма мұнан бірақ.
Ақыл-шыңға әл бермей,
жайлау-жанға
шапқылайды құлдырап құмар-бұлақ.
Ал жайлауым көрсетіп қарасын жай,
жеткізбейді қазақтың даласындай.
Көңіл-құнан қаншама құйғытқанмен,
болмас шыдам-жарауды таң асырмай.
Таң асырмай болмайды атбегідей,
көлеңкеде көңіл-мұз қатты, ерімей,
жылынатын шуақ аз жастықтағы
жүргеніңде тауға өрлеп, бақ кемімей.
Жылдан жылға тайғақтап сын шатқалы,
әнтек бассаң – құздары бұлтартпады:
бір кез бабам жіберген қателіктің
тақсіретін тартуда ұрпақтары.
Жүрек отым шарпылды мұздар соғып,
гүл-сезімім солыпты ызғар сорып.
Бара жатқан секілді қан тамырым
шөлейттегі сортаңды тұздай солып.
Жүрем кейде жауынсыз жердей жүдеп,
түңілуден ешкімге сенбей жүрек.
Сенетінім –
түбінде ақыл-дана
қиындықты терідей шелдейді іреп!
1985


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылап жатам, төсектен тұрам жылап өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жылап жатам, төсектен тұрам жылап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылап жатам, төсектен тұрам жылап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылап жатам, төсектен тұрам жылап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері