Кесіртке – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кесіртке» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1667
Кесірткелер жорытса,
Жәндіктердің жүйрігі.
Өледі-ау деп қорықпа,
Қалса үзіліп құйрығы.
Жауға тастау құйрығын –
Құтылудың амалы.
Қайта бітер жирылып,
Мезгілден соң шамалы.
Өзінде көп күш қандай –
Кесірткелер заулайды.
Қолтыраунның кішкентай
Баласынан аумайды.
Кеткен мүлде жоғалып
Замандарда кешегі,
Арғы тегі – Зор, алып
Динозавр деседі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кесіртке өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кесіртке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кесіртке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кесіртке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері