Автобуста қасымда отырған қызға – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Автобуста қасымда отырған қызға» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1667
Қыз отырды қасымда қарақаттай,
Маған жазым жабысқан жарақаттай,
Әлде менен қымсынып отыр ма екен,
Әлде мені қомсынып отыр ма екен,
Көбелектей көкті іздеп маза таппай.
Ұшқысы кеп отыр-ау айналайын,
– Бар, ұша ғой, бағыңды байламайын.
Бір көбелек қонды ғой қолымызға,
Қазір бізге, қарағым, сол да уайым...
Бір уайым жетпей ме басымызға?
(Бір уайым шығар-ау осы қыз да).
Бір адамдай қудық қой бірталайын
Көбелекті қуатын жасымызда.
– Ұш, қарағым, жарыққа үйір болма,
Қырық қадам шықтың ғой қиыр жолға.
Биік, төмен ұшқанның пайдасы жоқ,
Бақ келмейді және де сиынғанға.
Ұлан дала, кездеспей ұшан белде,
Кездестік-ау кездейсоқ қысаң жерде.
Тілім менің қырқылып отыр, қалқам,
Саған енді серік боп ұшам деуге,
Саған енді ынтық боп құшам деуге.
Шын ұшқың кеп отыр ма, айналайын,
Бар, ұша ғой, бағыңды байламайын.
Оттан-судан аман жүр алыс жолда,
Көбелек деп мен сені ойламайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Автобуста қасымда отырған қызға өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Автобуста қасымда отырған қызға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Автобуста қасымда отырған қызға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Автобуста қасымда отырған қызға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері