Бұл бетте «Есентуки таңы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
1954
Табиғаттың бал бөбегі,
Ойнап көктің бұлтын атып,
Боз ат мінген таң келеді
Ала тозаң бұрқыратып.
Шымқай қызыл шұғылаға,
Шомылады таныс таулар.
Бетін беріп құбылаға
Мүлгиді тас арыстандар.
Тұр Бестаудың таныс шыңы,
Ел барады су ішуге.
Ала бүршік — таң ұшқыны
Стаканның тұр ішінде.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі