«Қаракөз» – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте ««Қаракөз»» атты Cырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4018
Қаракөз шарап ұсынды
Шараптың аты «Қаракөз».
Көрер ем сенің күшіңді
Кездеспей қалдың ана кез.
Қайта атып алтын жаңбырын
Ыршиды шаран ыдыстан,
Жұтардай алғаш таң нұрын
Тамсанды ақын туысқан.
Қиялы қақты қанатты
Ол үшін қазір өзге ұмыт.
«Қаракөз» тәтті шарапты
Жіберді тартып көз жұмып.
«Қаракөз» шарап ұсынған
Қаракөз енді аман бол.
Көз қадап өкпе тұсыңнан
Сұқтана қалды саған ол.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері