Мейрамханада – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мейрамханада» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1424
Мейрамханаға барып ем демалуға,
Тынысты кең алуға.
Құлақтарым табанда тас бітелді,
Қалғандай бір қапаста қамалуда.
Жарты сағат, бір сағат,
Сағат тағы,
Даңғыр-дұңғыр музыка қабаттады.
Тұманданып тұп-тұнық жанар отым,
Тасыр үндер жүйкені шабақтады.
Тасыр үндер тынымсыз тоқтамады
Ойымды ноқталады.
Есерленген есірік музыканттар
Мың сапырып, миымды ботқалады.
Тоқтамады бір сәт те даңғырлатып,
Сөз айта алмай көршіме,
Қалдым қатып.
Көтерудің орнына көңілімді,
Күйіп-жанып отырдым жанды улатып.
Бұл жастарды шетінен жын ұрған ба?
Жын-періге ұқсады жұлынғанда.
Билемесең, не жөндеп сөйлемесең,
Шулы топтың ішінде құның бар ма?
Айран болып ақылым ашып кетті,
Қан қысымым солқылдап тасып кетті.
Ақырында құлақты басып кеттім,
Бақсылардан біржола қашып кеттім.
* * *
Күтушілер мейманмен санаспай ма?
Майысып, күлімдей қарас қайда?
Келген адам жұбымен дәм-тұздасып,
Сұқбаттысып отырса, жараспай ма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мейрамханада өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мейрамханада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мейрамханада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мейрамханада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері