Айтпайтын ашып-жарып елге сырын – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Айтпайтын ашып-жарып елге сырын» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.01.2023
  • 0
  • 0
  • 850
Айтпайтын ашып-жарып елге сырын,
Аташым жаны тылсым...
Шерлі есілім.
Тойтық қара жорға атын астындағы,
Үкісіне байлаған кенжесінің.
Құдасы да жылы екен топқа түсі,
Қайтарған жан серігін “ноқта ақысы”.
«Құдеке, сіздей жайсаң қарияның,
Атын басқа мінуге жоқ хақысы».
Қойған ба атам ертеңгі жолын барлап,
Көп ештеңе айтпады көңілді аулап.
Жорға қара қайтадан мінілмеді,
 
Сойдырды сол жылы қыс соғымға арнап.
Келер күз бірге ілесіп көшкін күнге,
Атам кетті...
Түсінбей ешкім мүлде.
Өзегімді өртеген зіл қайғыны,
Тырнаның әуеніне қостым бірге.
Жорға қара...
Қия алмай ішкем мұңын,
Себебін көп іздедім іштен мұның.
Түсінбей жүрмін әлі...
Ей, дүние-ай...
Атамның аттан неге түскендігін!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айтпайтын ашып-жарып елге сырын өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Айтпайтын ашып-жарып елге сырын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айтпайтын ашып-жарып елге сырын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айтпайтын ашып-жарып елге сырын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері