Бұл бетте «Қыз бейнелі маусым айы туғанда» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыз бейнелі маусым айы туғанда,
Көрген адам ақыл-естен танардай.
Қойбүлдірген көп шығатын бұл маңға,
Тақиямен іліп ала салардай.
Ағытпаған қозылардай көгеннен,
Көздің жауын алатындай мүсінді.
Қойбүлдірген тәтті еді ғой, дегенмен,
Артық жесең жасытатын тісіңді.
О, балалық, құстар салған ән еді,
Сен келмесең қалушы едім сәл жүдеп.
Сенің тұрқың бүлдіргеннен әдемі,
Сенің күлкің бүлдіргеннен дәмдірек.
Хан болса да өткізердей тіліңді,
Сөйлеуші едің атқан таңдай алаулап.
Шашушы едің сыңғыр-сыңғыр үніңді,
Ынтық болып ақ жүзіңе бар аумақ.
Қауқар кетіп қатарыңда жүре алмай,
Тартушы едім таңғажайып мүлде азап.
Бүлдірген бе, күлкің бе, әлде біле алмай,
Ертек күйге түсуші едім бір ғажап.
Періште шақ,
Болса да ертең жол бұлдыр,
Аңқау, таза...
Жолатпайтын жаны мұң.
Бала күнде дәмін татқан сол құрғыр,
Таңдайымнан кетер емес әлі күн!...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі