Амазондықтар шеруі – аманат

Бұл бетте «Амазондықтар шеруі – аманат» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 629
Орман жатыр оталып, алаңқайлар кеңейіп,
Табиғатты санайтын «жоқтаушысыз өгей ұл»,
Мұң-мұқтажы бітпейтін тойымсыз көз,
ұры - аты,
Адам қолы кеседі жасыл өмір-орманды
Бөрене ғып құлатып!
Жатыр дейді адамзат, амазондық ағашты
мұқтаж болып сұратып...
Қажеттілік қойсын ба,
Жайратады, я, пірім-ау, қара орманды сұлатып...
Шерулеп ел келеді, төбесінен күн шағып,
Табиғатқа тамсанған келімсекке мұң шағып.
Әлем кезген жиһангер, таза білем ниетің,
Жеткіз дейді көп жұртқа, тілін өзің білетін,
Жалғыз мұң бар біздерде – арашашы іздеуге
Шаруа көп, сытылып шығу қиын біздерге...
Жалғыз мұң бар дедік қой, бала өсіріп отыр ек,
Жасыл орман болмаса, тұқым құрыр, сетінеп...
Жүрген жерде осыған сауға тілеп жүргейсің,
Аз күн дәмдес болып ек... ескергейсің соны тек.
Қоштасарда қимады, тілектес жатжерлікті,
Аманаттап мұқият, ерге сенді ел мықты.
Күтер, сөзсіз ... күтеді,
Айтары анық, жеткізе,
Аманатты тыңдайтын
Құлақ қалсын деп тіле!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Амазондықтар шеруі – аманат өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Амазондықтар шеруі – аманат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Амазондықтар шеруі – аманат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Амазондықтар шеруі – аманат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері