Солақай

Бұл бетте «Солақай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1613
Қол,
Қол болған соң сол:
Оң мен Сол.
Оңды оңқай дейді,
Солды солақай дейді.
Келгенше шамасы,
Оң қол Сол қолдың ағасы.
Оны інім дейді,
Көмекші күнім дейді.
Інісі икемсіз болса да,
Кемшілігі білінбейді:
Көп істе
Бөліске
Інісін сала бермей,
Таласқа бара бермей,
Өзі-ақ тындыра салады,
Бұтақты сындыра салады.
Отынды да жара салады,
Дүкенге де бара салады.
Сол қолды жуып-шайып,
Тырнағын да ала салады.
Ал, өзі зырлай жүріп,
Жұмыстан тынбай жүріп,
Өсіріп алды тырнағын,
Астына қонып кір қалың.
– Тырнағымды ала сал,
Сонда маған жарасар, –
Деп өтінген Оң қолға
Былай деді Сол сонда:
– Айтқаның, аға, жөн-ақ қой,
Алайда, інің олақ қой.
Өзіңе сеніп алғанмын,
Солақай болып қалғанмын.
Қайшы ұстау да мұң маған,
Білмеймін, енді кім болам?
Дей алмаймын «бүйтемін»,
Жоқ ешқандай икемім.
Ұрыс, аға, ұрыспа,
Жарамсызбын жұмысқа. –
Солақай солай сарнады,
Тырнақ та ала алмады.
* * *
Кей ата-ананың айыбы
Солақай бала өсірер.
Кезінде қайтпай қайыры,
Қартайған шақта өкінер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Солақай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Солақай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Солақай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Солақай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері