Жылылық
Ақ маманың ішіне үңіл
Ерекше жұлқынысы, талпынысы
Ішіне үңіл, түсіне біл
Ғазалдықтан шаршаған салқын іші
Қара дауыл үдеген-ді
Сарсаң қуған тірлікпен ырғатылып
Күлді-дағы жүре берді
Күлкі артында жасырған мұңға - күдік
Ғаріп болған ақтықтан
Қалғаны бар, тар пейілден көңілдің
Күресуге жаттыққан
Жазылмаған заңы ғой бұл өмірдің
Даңғыл жолы емес тік
Себеп кәне, күресуге жалықпай
Дейді мама егестік
Қала берді сонда тағы бәрі ұқпай
Ерте айырылған жарынан
Тағдырында бес қатпарлы қиын мұң
Жоғы жақсы барынан
Тағдыр сұмын ақ қағазым кейін біл
Дара күшке ағылыс
Перзенттері ерте есейіп кетіп ед(і)
Жетілдіру алып іс
Не дегенмен балапандар жетімек
Бар ма емі жараның?
Сырт жағы емен, ішкі тұсы тоналған
Үндемей-ақ қаламын
Жәрдем етер деген оймен Ұлы Аллам
Үңілем, дәрі боп әуелі
Сол жараға кереметтеп таңамын
Бұл тірліктің себебі,
Мен де ұлымын, жалғыз басты ананың!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі