Құс ғұмыр! – Қайбуллаев Нартай

Бұл бетте «Құс ғұмыр!» атты Қайбуллаев Нартай жазған өмір туралы өлең берілген.

Керек болды нендей шара?
Қияң шыңнан құлап түстім,
Қиялдықпен өрлей сала
Бергін Алла тағдырын бірақ, құстың

Қайтеді екем құс өмірді?
Ғұмыр күні бес елідей қайғылы
Кейбіреуі құсалы өлді.
Өлім маған келеді екен қай күні?

Шырқайтұғын әні қайда?
Жә, әніме, әні құрсын жалыққам?!
Ұшып барып жолық айға
Сосын мені ұмтыл, ізде тамұқтан

Басыларма сағынышың
Іздеп тапсаң, мені қалқам сен осы
Қасіреттей бағың үшін
Айналмашы алжасқанға көп есі

Іздеме,
Мен бөлекше бұлқыныс
Тағдырласпын өміріне құстардың
Болған емес қорқыныш
Мен негізі, құс ғұмырға құштармын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері