Бұлт – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Бұлт» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 10345
Жалбыр-жалбыр жүні ұзын
Жабағыдай
Жөңкіген бұлт көк жүзін
Жабады ұдай.
Тұрамыз,
Өтеді деп
Нұр селдетіп.
Қаламыз,
Кетеді тек
Құр желдетіп.
Шөлдеткенде алтын күн
Егістікті,
Жауа алмаған бұлтыңның
Несі мықты!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері