Өлең, жыр, ақындар

Тыңдағаны арзан ән

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 649
Тыңдағаны арзан ән,
Талықсыған тар заман.
Жүрген кезде жағалап,
Құлататын жар жаман.
Ұмытылып тәңірі,
Қопарылып тамыры,
Кімге барып жетеді
Замананың зар үні?
Уайым болған қара бас,
Көбі аш құрсақ, жалаңаш.
Жанталасып, жан беріп,
Бір-біріне қарамас.
Арман қайда? Алыста...
Жаңқа ағады ағыста.
Қарамайды бауырың,
Бұрылмайды таныс та.
Жүгіреміз дәм іздеп,
Зырылдаймыз бақ іздеп.
Қалталылар мақталды
Нағыз адам, нағыз... деп.
Жүдетеді жоқшылық,
Іздетеді тоқшылық.
Қалтасы тоқ адамдар
Ел алдына көп шығып.
Алған қарыз састырып,
Үстем тұрып жас түрік.
Дарынды емес, қарынды
Кітабын тез бастырып.
Ақшалы тұр оңымда,
Ақшасыз тұр солымда.
Билік пенен дүние
Ақылсыздың қолында.
Байда ғана өкімет,
Қуыршақ адам көкірек.
Желмен ұшып барады
Қайран өлең жетімек.
Ақшаға арын жалдаған,
Бірін-бірі алдаған,
Шошынамын мен сенен,
О, зар заман, зар заман!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алыстарға апар мені, ақ үміт

  • 0
  • 0

Алыстарға апар мені, ақ үміт,
Сыңар бұлттың қанатына таңылып.
Шашын жайып қара түндер келгенде,
Жалғыздықтың жырын жаздым жабығып.

Толық

Желбіреп ұшқанда айларым

  • 0
  • 0

Желбіреп ұшқанда айларым,
Күндерге қауырсын байладым.
Бір әуен тербетіп барады
Сүйікті туған жер аймағын.

Толық

Дірілдейді қауызы көктем гүлі

  • 0
  • 0

Дірілдейді қауызы көктем гүлі,
Жауып жатыр наурыздың көктен нұры.
Алып ұшқан жүректей мың тырнаның
Сыңсып келіп, мен жаққа өткен бірі.

Толық