Арман
Жастық шағын құртып алған жандай-ақ,
Жиырма жасар қыздың сөзі кетті неге жанды аяп?
"Мен өмірден баз кешемін, тастап кетем ортадан,
Осыменен мен бастаған дəрігерлік жол тəмəм."
Деп төгеді мұң жасын.
"Кім болады мұңдасым?"
"Мен боламын",
жас қыз енді жақсылыққа қамданшы,
Бір адамның ертеңіне үміт сыйлай алмасам,
Құрып кетсін,
бұлай туған ақындығым алдамшы.
Қанша адамды тапқан екен тар тағдырда бұл қайғы,
Бірақ қайғы шешім емес,
Бақытсыздық кесім емес,
Алтын уақыт бір орнында сені күтіп тұрмайды.
Қамдан қайта, тұр орныңнан сенің əлі хақың бар,
Сəттіліктің өзі сонда басын бұрып, жақындар.
"Бірақ, қалай ұмытамын арманымды жас күнгі,
Соны ойласам, күні түні жанарымда жас тұнды.
Ақ арманым адастырып,
Ертеңімді талас қылып,
Болашағың жарқын болар деген үлкен үмітпен,
Үйдегілер арманыма доғдыр бол деп кіріккен.
Енді міне өкініштен өртке оранып өзегім,
Осы жерден тоқтатуым керектігін сеземін..."
От басқанмен өз отбасың мұндай үлкен таңдауда,
Талай пенде үлкендердің үміттерін жалғауда.
Өмірінің мəнін құртып, сəнін құртып осылай,
Жете алмады арманына көп адамдар досым-ай.
Бірақ сенің əлі көрер жарығың бар, жолың бар,
Қайта баста сəт келгенде арманыңды орындар.
Өміріңе тақпа кінə,
Бұлай болып жатқанына
Жаратқанның бұйрығынан қашып кете алмассың,
Болашағың жас қыз енді жақсылыққа жалғассын!
Көз жіберіп көрейікші кішкене
Бала кезде армандаған мамандығың есте ме?
Тіршіліктің соңын қуып ұмытыппыз басқаны,
Арманына жеткен адам, адамзаттың асқары.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі