Өлең, жыр, ақындар

Өмірде бақыт жоқ дегендерге әлі де ақыл кірмеген

Сені ойласам -
Сол күзгі жапырақтың иісі аңкып,
Өн бойыма еніп алып мезі етердей күй тартып мазалайды.
(Көзімнің карашығы улкейіп)
Ол куйімде мен үшін күллі әлем - бір тиын.
Себебі ме?
Себебі - жазалайды жанымды,
Жапырақтын зары ұрлап менің шырқар әнімді.
Қайта-қайта кұлағымда шынғырады әуені,
Сол әуенді саған арнап жазған менмін себебі.
...Таныс әннің ырғағында көк аспанда қара бұлт
Салмақ артып шақша басқа суық қарап барады.
Шөкім бойдың қуатымен күреседі ойларым
Тыным көрмей.
Төреші - менің жаным -жаралы.

Ал, есімнен жаңылдым.
Жаңылдырдын - шындығы.
Сені ойлаған сәттердің ашылмай жүр түндігі.
Керегеден сығалайды мәз куйімнің сұлбасы.
(Жырласа тек мына әлемді бақыттылар жырласын)
- деп ішімнен ұғынып отырамын теңселіп.
Барлығын да бір сәтте өзгертердей сен келіп,
күте берем неліктен.
(Ауырын-ай мына ойдың)
Өз-өзімнен жасырынып қайта-қайта жылаймын.
Шыдай алмай, ойымнын қаhарына кезігіп,
Қашып кеткім келеді сенсіздікті сезініп.
Бірақ…
Сенсіздікке үйренбей туңіледі сан аймақ.
Алпыс екі тамырымда будақ-будақ қан ойнап
Сені ойлауга қайтадан мәжбүрлейді күні-түн.
...“Саған кайта оралдым мен, күтіп ал, ал, жігітім!”
- деп келердей әр сағат алаңдаумен отырам.
Қайтейін?
Енді жаным сенде ғана үмітім…
Күттірмеші.



***
Сіз, сағынғанымды сезсеңіз ғой.
Тұңғиығыңызға,
күн батып бара жатқандай екі бетіңіз қызарып,
Маған жаралған қырсықтығыңыз өз-өзінен бозарып,
еркеліктерден аса алмай бұлқынады,
жұлқынады.
Ал еркелік – сіздің тұла бойыңыздың жылуына жылу косып
тербейді.
Жүрегіңізге қолқа салумен.
Сосын,
сол тәп-тәтті бақыт жанарды мөлдіретеді,
Жүректі елжіретеді.
Кейін амалсыз еркелейсіз.

Сонда сізді аңдып турған жанарларым жадырап,
Алақанымның сусыныменен шашымнын шөлін қандырам.
Мақтануменен - біз үшін жаралғандай боп мына әлем,
Дір-дір еткен қолыңызды қолыммен сипап тұрар ем.
Тапқандай боп қуанып жердегі жалғыз бақытты,
Мұңаяр ма едік сол кезде өтпеуін қалап уақыттың?!.

Сіз сезінсеңізғой.

Мұңлы шаhарым бір демде бақыт, шаттық пен түрленер,
( Өмірде бақыт жоқ дегендерге әлі де ақыл кірмеген)
-деген оймен, бес елідей қашықтық сақтап тұрсақта
Сағынар едім, бәлкім сізде сағынар ма едіңіз?
(Кім білер?)


Иә, сіз сезсеңіз -
Ашу-ызаның шылымын шекпейтін болам, қас болам,
Шарапты емес сағынышымды тынымсыз ішіп мас болам.
Жырымды тауып оқимын сонда мөлдір жанар суының
Дәміне тойған әдемі кірпігіңіздің астынан.

Бірақ,
Сіз, сағынғанымды сезбейсіз

...Тұңғиығыма
күн батып бара жатқандай екі бетім қызарып
Сізге жаралған пәк сезімім дір-дір бозарып
жүрегіңізге ене алмай бұлқынады,
Жұлқынады.
Сәтсіздік.

Әттең Сағынғанымды сезсенізғой...


***
-Таразға көктем келмейтін болды
-Келмейтін болды о, неге?
-Келетін уакты келгені кашан
Кетпеген әлем гүлдене.

Аяз жур әлі шымшыма кылық
Суықтығымен сыр бере
Тараздан кыстын кеткені кашан
Жауып тұр карма, бірдеңе...
Адамдар қарды сүймейтін болды
-Сүймейтін болды, не үшін?
-Қара жер менен солай болыпты
Бүгінгі күнгі келісім.

Жер үсті күнді сағынған дейді!
-Сағынған дейді, естідім.
Бірақта қара жамылған дейді
-Біледі бәрі кештігін.
Аспанга кун де шыкпайтын болды
-Шыкпайтын болды ол неге?
-Мұңдарға ұксас жер жасырып
Төніп тұр бұлтпа бірдене...
Адамдар қайғы шегіп жүр дейді
Бұзады сол тек шырқымды.
- Адамға қайғы еншілеп жатқан
Мезгілғой мынау, бір түрлі.
-Көктем уакты алапат аяз
Беймәлім осы күндері.
Таразда қәзір қай мезгіл өзі?
-Білмеймін оны.

Білгенім
Таразға көктем келмейтін болды
-Келмейтін болды о, неге?
Келгені қыс та, көктем де емес
Бесінші мезгіл ме, бірдеңе?!

***
Қарға еніп сезім, айналамызға
Пәктікті сыйлап ұмтылды
Жылт-жылт еткен жылтырақ мұздан
Жылулық іздеп, жұлқындық.
Менде де емес, сенде де емес, арамызда да кінә жоқ
Кінәнің бәрі - сезімді қарда
әлемді құшар бір түндік.

Ұшқынмен келіп уялы болған жүректе бұлттай қалды мұң
Ерніне тиіп еріген қардай
Қайғыға күйіп қалды үнім
Көкке сыймаған қар өзіне көктей сезімді сыйғызды
Кінәнін бәрі -еритін қарда,
Еритін қарда - барлығы...!

Қар менен бірге еріді сезім
Шығады ертен кун деген
Жоғалды бәрі - үміт те, сен де
Саған жазылған түнгі өлен.
Танда жауады, түнде ериді
Демек, онда кіна жоқ
Еритін қарға сезім енгізген
Кінанін барі мен де екен...


ПРЕСКЕВЮ

Сен білмейсің,
Мен айтайын, бәріде кеш болсада
О, журегім үмітін үзбейді әлі-ақ
саған деген...
...Бір саған ынтызарлар -
Өзім , сосын, о, байғус күз бейшара.

Жыр оқимын жанымды тезек өртеп
Жапырақпен күз тұрар қошеметтеп
Сен арқылы жалқы боп қала қоймай
Мұңдарымды алдым-ау еселепте.

Жек көрінем шарынан шықпай түннің
Сағынышым оныңда ұқпайтыны
Білесіңбе, көз жұмып жұрт уйықтаса
Мен саған өлең жазып ұйықтайтынмын.

Күзді ұнатпай кеттің деп - түнек іші,
Мен ұнатқан күздің сен жүрегісің
...Ақын деген күзгі күн оянады
Басқа уақыт түс көреді, білемісің?
Білмейсің сен!

Жамалым оңашалап
ішетінмін өмірге нала- шарап
Бақытыңды сен маған қишы, сосын
Гүлденуін күзімнің тамашала.

Шақша басты өртеген отта бір ой
жалындайды.
Бүткіл күз жаттайтындай,
мына жырда мен саған бәрін айттым!!
О, Құдайым ештенге айтпаппынғой.

* * Жердегі періште * *



Рас!
Оның көзі мөп-мөлдір бұлақ көзі
Өзі-бақыт, арайлы шуақ-өзі
Жаратылыс басталған замандарда
Пана болып келіпті адамдарға
Бір періште... Сен оны білесіңбе
кім екенін?
Өмірлік күресіңде
дұға тілер,елендеп тынып көрмей
Талықсысан журетин мұңынды емдей.
Білесіңбе ол жанның кім екенін?
Желбіретіп жүгіріп гүл етегін
Сен үшін жүр екенін...
Жұмыр жердін тау-тасын құмын көріп
Саган мангі журетін ұғындырып.
"Әлди" деген сиқырлы ән самалы
Өн бойыңа дарыткан ой-сананы
Әппақ сүті пәк күйі адал бітті
Сол сүт берді имандық, адалдықты
Жалқы жанды лаулатып, лүпілдетіп
Шөкім бойға журекті салып берген,
Сол әулие Алладан сұрап алып
Өмір деген ертекке алып келген.
Торығардай бөбегі жүрсе мұңнан
Әлде жұрсе қуанып, күлсе шыннан
Жанарына бағалы жас үйеді
...Бүкіл әлем сол жанға бас иеді,
Сондықтанда өмірде биік келед
"АНА" деген періштенің қасиеті...!

Нұрлан ӘБДІКӘРІМОВ



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз