100 сөзден тұратын Өмір – Данияр Жігітбек

Бұл бетте «100 сөзден тұратын Өмір» атты Данияр Жігітбек жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1646
Жаялық. Бесік. Іңгәлау.
Еңбектеу. Жату. Сырғанау.
Отыру. Тұру. Жүгіру.
Былдырлау. Сөйлеу. Тыңдамау.

Мұғалім. Мектеп. Дәптерлер.
Қоңырау. Сынып. Шектеулер.
Жолдастар. Парта. Махаббат.
Қоштасу. Гүлдер. Кептерлер.

ҰБТ. Мақсат. Армандар.
Ашыққан. Қашқан. Тоңғандар.
Ғашықтық. Достық. Төбелес.
Сессия. Диплом. Қорғаулар.

Мамандық. Кәсіп. Игеру.
Талпыныс.Білім. Үйрену.
Тырысу. Үміт. Имену.
Бойдақтық. Көңіл. Үйлену.

Жаялық. Бесік. Іңгәлау.
Ұйықтамау. Шаршау. Құндамау.
Ойыншық. Бақша. Қыдыру.
Ескерту. Ұрсу. Тыңдамау.

Қоңырау. Мектеп. Гүл. Көрік.
Тоқсандық. Бестік. Күнделік.
Жұрт. Сөз. Сын. Ақша. Универ.
Мақтаныш. Диплом. Пұл. Көлік.

Өсіру. Келін. Танысу.
Берісу. Намыс. Алысу.
Құдалық. Киіт. Табысу.
Несие. Тойлау. Жарысу.

Жаялық. Бесік. Іңгәлау.
Немере. Ата. Жұлмалау.
Емхана. Ауру. Дәрігер.
Өкініш. Өмір. Жылдар-ау...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

100 сөзден тұратын Өмір өлеңінің авторы кім?

Данияр Жігітбек — осы өлеңнің авторы.

100 сөзден тұратын Өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

100 сөзден тұратын Өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

100 сөзден тұратын Өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері