Бұл бетте «Екі мұжық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
«Уа, Фаддей, аман ба?» «Егор, саулық саған да!
Қалай сүріп жатырсың, дос, өмірді?»
«Тамыр, сірә, білмейсің-ау сорымды!
Өртеп алдым үйімді, Құдай атып табанда,
Содан бері тыныштық жоқ маған да.
Қалай Алла аса жаман ойнаған!
Тәңір түні едік қатты тойлаған.
Шырақ ұстай шығып ем, аттарға шөп салғалы,
Бара жатқам бас мәңгірген күйімде.
Жалын лаулап, әрең аман қалғаным,
Жанды, бірақ, бар байлығым үйімде.
Ал, өзің ше?» «Менде де іс қиын де.
Маған да Алла жұмсады ашу таяғын:
Көрдің ғой – жоқ аяғым;
Өзім тірі қалғанға шүкіршілік сірә да,
Тәңір түні мен-дағы барған едім сыраға.
Шындығында сонда бір аянбай-ақ көсілгем,
Достармен, әй, бастық кеп!
Өрт шығарып алмайын деп мастықпен,
Шырақты үрлеп өшіргем:
Қараңғыда сатыдан жын итерді төсімнен,
Қарашы енді, адаммын ба, кіммін мен?
Содан бері мүгедек боп жүрмін мен».
«Шын кінәлі өздерің! –
Деп оларға Степан айтты тура сөз жөнін, –
Тәңір емес жасаған
Саған балдақ ұстатып, жаққан сенің қораңды.
Шырақпен де сүрінеді мас адам,
Оның жолы қашан да тас қараңғы»...
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі