Аққу мен құзғын

Бұл бетте «Аққу мен құзғын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1765
Самалды желде,
Қоғалы көлде
Аққу жүзіп жүрді,
Айдынды сызып жүрді.
Кіршік жоқ қанатында,
Жаратылған дара тұлға.
Тәңіріндей пәктіктің,
Тұла бойы ақ тіптім.
Сол Аққуға паң ғана
Деді Құзғын таңдана:
– Ару құсым, аман ба?
Неге мойын бұрмайсың?
Неге ізет қылмайсың?
Тәкаппарсың әманда.
Көпке пайдаң тиетін,
Жоқ-ау мәдениетің.
Аққу айтты:
– Не дейін?
Ұш, соңыңнан ерейін,
Тірлігіңді көрейін,
Сонда жауап берейін...
Құзғын бастап келеді,
Бір кездері көреді:
Ернеуінде құздың дәл
Құжынаған Құзғындар
Өлексені бөлісіп,
Жатыр шулап өлісіп.
Қанаттары жұлынып,
Ұлпа жүндер бүлініп,
Айналаға шашылған,
Жасыл майса басылған,
Берекені қашырған.
Бұл сұмдықпен танысып,
Кетті екеуі ары ұшып.
Кешкі мезгіл болғанда,
Жетті олар орманға.
Құзғын айтты:
– Міне, біз
Түнде осында оралып,
Тал басында демалып,
Еркін өмір сүреміз.
Қарады Аққу шошына
Төмен жақтан жиреніп:
Жүн-жұрқамен қосыла,
Гүлдер солған иленіп,
Мүңкіп жатыр қи бөгіп.
Аққау айтты:
– Досым-ау,
Мәдениетің осы ма?
Табиғатың – басты анаң,
Болсын қалай баспанаң?
Құзғынсыңдар ластаған, –
Деді де Аққу жеріне,
Ұшып кетті көліне.
* * *
Ауаны өртеп ақ таңда,
Табиғатты біз мұнда
Қолдан құртып жатқанда,
Өкпе бар ма Құзғынға?
Құзғынның аты – Құзғын да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққу мен құзғын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Аққу мен құзғын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққу мен құзғын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққу мен құзғын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар