Ай-аңыз – Мұстафа Әуезов

Бұл бетте «Ай-аңыз» атты Мұстафа Әуезов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

АЙ-АҢЫЗ ( АЙ-НҰР)

Көңлін көктем келемеждеп, күз күліп,
Айға қарап үнсіз отыр бір жігіт.
Көздерінде тереңдік бар, қыздарды,
Жіберетін мөлдірлікке жүздіріп.

Қандай қыңыр, қатігезсің ӨҢ неткен,
Белгі бермес ТҮСте көрген келбеттен.
Айды аңсаған ақын еді сол жігіт,
Қиялымен шартарапты тербеткен.

Бақыт үшін төлем жасап, қайғы алып,
Отыр ақын, жалыны жоқ бойда нық.
Ай Нұрына ұзақ қарап тұрды да,
《Ай аңыз》деп өлең жазды ойланып.

Құлағынан кетпей АЙДЫҢ назды үні,
Жылады ақын, ұқпас бәлкім бәз бірі.
Ақын жазған өлең сөзі есте жоқ,
《Ай аңыздың》 мынадай ед мазмұны:

《Белгісіз шақ, бір белгісіз ғаламда,
Көктем келмей, билік жасап қатпар күз.
Сұлулыққа қауым дұшпан заманда,
Ақ анадан туылыпты мақпал қыз.

Қызда мінез болмаса да түк қызба,
Жатты халық қыз көңілге қайғы үрлеп.
Ал анасы қара шашты сүт қызға,
Ат қойыпты АЙ-НҰР деп.

Қызды көрсе атажауын көргендей,
Қалың қауым бастайды екен 《тас ата》.
Сондықтан қыз қысылған соң елден кей,
Күн көруді үйғарыпты тасада.

Қызға түскен көп жағдайдан қалыспыз,
Бірақ оған қарсы еді бар алап.
Бір күндері бір ақымақ намыссыз,
Қыз арына түсіріпті қара дақ.

Сол Ай қыздың ауыр еді тағдыры,
Талай түндер көзінен жас төгіліп.
Жылап жүрді, Ай-Нұр қыздың бар міні,
Тұрады екен жанарында көрініп.

Ай арудан осылайша дара бақ,
Жалтарыпты, тұрып баста аз гүлдеп.
Қызды қатты күрсіндірді 《қара дақ,》
Бір шешімге келіпті қыз мәжбүр боп.

Сол сұлудың көздерінде - бұлақ бар,
Шашы - қара түн іспеттес. Жамалы - Ай.
Ғаламшардан орын таппай тұрақтар,
Түнде аспанға кетіп қапты обал-ай...

Лас тірлік кел де қане бағаңды ал,
Ай кетті де құндылықты кемітті.
Содан бері жерде жүрген адамдар,
Айды қатты қадірлейтін болыпты.》

Мұстафа Әуезов. 09.06.2020


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ай-аңыз өлеңінің авторы кім?

Мұстафа Әуезов — осы өлеңнің авторы.

Ай-аңыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ай-аңыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұстафа Әуезов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ай-аңыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар