Қысылғаннан есім шығып – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қысылғаннан есім шығып» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 576
Қысылғаннан есім шығып,
Ұялғаннан жандым ба.
Ақ желекті жапты біреу,
Қауым елдің алдында.

Асау мінез, астам көңіл,
Су сепкендей басылды.
Жұрт алдында тұрмын ійіп,
Тауға имеген басымды.

Көктем өтіп,жаз аяқтап,
Басталды ма күз енді,
Ата менен ене алдында,
Бүгіп тұрмын тіземді.
Ақ желекпен қымтадым кеп,
Жел сипаған кекілді.
Кешегі мен бүгінгі өмір,
Бидай мен ұн секілді…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысылғаннан есім шығып өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Қысылғаннан есім шығып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қысылғаннан есім шығып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысылғаннан есім шығып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері