Жаңбырда

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 500
Көк зеңгірден кетсе де жасын құлап,
Түк сезбеспін жосылды жасым – бұлақ.
Бар ұққаным арпалыс кеудемдегі,
Құйып тұрған жаңбырдан басымдырақ.

Қабақ түйіп қара бұлт тұнжырайды,
Тереземді тамшылар ұрғылайды.
Жас бұтақта бүрісіп қара торғай,
Гүл жылайды егіліп, қыр жылайды.

Көңілімнің көл толқып шарасына,
Дауа таппай жүректің жарасына.
Тұрғанымда керілді кемпір қосақ,
Екі ауылдың тұтасып арасына!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңбырда өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Жаңбырда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жаңбырда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңбырда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері