Әсер – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Әсер» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 581
Төгіп тұр көктем күйін күн шуағын,
Торғындай толқынданып сұлу сағым,
Жасарған жасыл киіп кең даланын,
Көрдің бе дәл осындай сұлу шағын?
Қара жол бірде даңғыл бірде ирек,
Қозғалып бір қосылып, бірде сиреп.
Мұнартып бір қарайған бірнешеу боп,
Бұлдырап жан-жағыңның бәрі билеп.
Көз тіксең сол бір сәтте айналаңа,
Көлеңке ойда кірбің жай қала ма?
Бой сергіп, тыныс кеңіп, жүрек толқып,
Көтере ән шырқайсың айдалада.
Кеткендей жан-күйіңнің қылын басып,
Шаттанып, көтеріліп бойын тасып,
Балаша жеңілейіп жүгіресің,
Кеудеңді жібек самал желге ашып.
Кідіріп аз отырсаң тау басына,
Маужырап мас боласың ауасына.
Аңқыған жұпар иіс кеудені алып,
Дерт болса, жолыққандай дауасына.
Сүйемін осынау бір мезгіл шағын,
Кен дала тапқан соны ән ырғағын.
Сол сәтте бұлбұлы боп бай даланың
Келеді гүлге қонып тынымдағың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әсер өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Әсер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әсер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әсер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері