Мрамор тастар сөйлеп – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Мрамор тастар сөйлеп» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 555
Тан болып тамсанасың таңдай қаға
Ғажайып өнер қонған маңдайға да.
Адамның мүмкіндігін көріп тұрып,
Қадасың, пай-пай қалай жанбай ғана.
Сән сарай, ғимараттар, зәулім үйлер...
Көз тойып, санаң байып, көңілің билер.
Тереңге тұнып қалай ойың кетпес
Мрамор тастар сөйлеп, төксе күйлер.
Мәселен айтайыншы мынау сырды:
Бір бала – тас мрамор көңіл бұрды.
Шөгірді табанынан алмақшы боп
Отырған шұғылданып осы ғұрлы.
Бар ішкі дүниесін, бар назарын,
Шөгірдің жанға батқан бар азарын :
Түп-түгел төгілтіп түр
тас мүсіннің
Тіріден айнымаған бет ажары.
...Жас ару тұтқын болған, көзінде жас
Жалынса аяр ма оны қасақы қас
Қайғысын, күйінішін мұның-дағы
Сөйлеп тұр кәдімгідей мрамор тас.
Түсіпті айнымастан көз жасы да,
Етіне батқан қолдың таңбасы да.
Егілткен тас мүсінді талант күші
Қояр ма әсте тәнті болмасыңа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мрамор тастар сөйлеп өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Мрамор тастар сөйлеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мрамор тастар сөйлеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мрамор тастар сөйлеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері