Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 568
Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай,
Жүрегiмнен төгiлген жаңбыр жырлар-ай.
Көзiмдi iлместен армандап бiрге,
Таң атқанша шертiлген мөлдiр сырлар-ай.
Аспанда ай қалқыған қара түндер-ай,
Он алтымда жинаған дала гүлдерi-ай.
Жүрегiме жасырған сағынышым-ай,
Оралмайтын мәңгiлiк бала күндер-ай.
Ақ сезiмiн сыйлаған көк белдерiм-ай,
Жүрегiмдi өртейдi өткендерiм-ай.
Маған мұңлы махаббат сыйлап едiңдер,
Тым алыста қалған сол көктемдерiм-ай.
Өкiнiштi өртеген жасырмадым-ай,
Жолдарыңа шуақ боп шашылмадым-ай.
Өмiр атты сапарда кездескен едiк,
Қай қиырда жүрсiңдер, асылдарым-ай.
Көбелегiн шiлдеде қуған белiм-ай,
Көйлегiмдi бастаудан жуған жерiм-ай.
Бұлағыңнан нәр алып, көгерген едiк,
Аман болшы қайран ел, туған жерiм-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері