Сицилия аралы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сицилия аралы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1231
Тәрізді бір талып жеткен таң, әні
Бар екен де
көзді жаулап алары.
Көк аспанды жамылып,
кек теңізді
Құндақ еткен Сицилия аралы.
Сан құбылып, көлеңке күн ауысып,
Ақша бұлттар ажырап, бір қауышып..
Ленталарын іліп болмай жатқандай
Кемпірқосақ көкте сабыр тауысып.
Ағаштары тағып алтын алқаны,
Сусындатқан жемісінің бал дәмі.
Апельсині, лимоны үшін ат алған,
Шынында да алтын екен алқабы.
Көңіліме құйып алып көлемін,
Көркемдікпен кез суарып келемін.
Бұл аралдың әр шоқысы, әр тасы
Шырқағандай «Санто лу чио» өлеңін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сицилия аралы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сицилия аралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сицилия аралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сицилия аралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері