Ғанибет

Бұл бетте «Ғанибет» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 594
Қара түнге қадалғаным - ғанибет.
Айна алдында таранғаным - ғанибет.
Бірде ойға, бірде мұңға батырып,
Сүю үшін жаралғаным - ғанибет.

Қас-қағым сәт, бақыт құшқан - мәңгі шақ.
Өзгермейтін, өтпейтұғын мәнді шақ.
Көз алдымнан кетпей қойған көлбеңдеп,
Құлағымда тұнып қалған ән құсап.

Зорға жылы тіл қатқаным - ғанибет.
Тәтті ұйқыңды ұрлатқаның - ғанибет.
Өкінбеші, сені ойлап жүргенде,
Ай, жылдарым қолды болған зар илеп!

Қанат бітіп, шарқ ұрғаным - ғанибет,
Төзім бітіп, сарқылғаным - ғанибет.
Жасыруға әлім жетпей сезімді,
Жалыныңа шарпылғаным - ғанибет.

Біз бақыттан қалғиықшы қалғысақ.
Ғашықтардың құдайынан алғыс ап.
Қуаныштан есі шыққан жел құсап,
Бір-ақ түнде бүрлей салған тал құсап!

Сынай, сынай, сынақтарым сиреген.
Елесің кеп бар еркімді билеген.
Жан мен тәнді орап алған от сезім,
Түн реңді бұрым қалды күймеген!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғанибет өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Ғанибет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғанибет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғанибет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері