Раушан – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Раушан» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3479
Сыйладың аттанарда раушан гүлін,
Қалай айтып әсерін тауысам бұның.
Қараған сайын тағы толғандырып,
Жаныңның еске салар жайсаңдығын.
Аумайды екен гүлінен Алматының,
Қуандым мен,
Қалды өкпем,
Қалды ашуым...
Гүлің түр терезеде үлбіреген,
Жақсы әнінің тілегендей жалғасуын...
Біреу шоқтай қызыл алаулаған,
Оның талай айтары бар-ау, маған.
Біреу ақша бұлттай нәзік, ұлпа,
Ғашықтың жүрегіндей жалаулаған.
Біреу шыққан күндей қызыл күрең,
Ақынның жүрегіндей қызу білем.
Ойлама, ұмытар деп, аяулы дос,
Жүрермін гүлден көріп жүзіңді мен.
Ақ гүлмен ырғалады жазық біткен,
Гүл сырын —
Тауыса да алман жазып тіптен.
Еске алып жүрермін мен бәріңді де,
Осынау, гүлге біткен нәзіктікпен.
Озар уақыт, тозар-ау, гүлдің өңі...
Өзгермей қалар адам, кім біледі.
Табиғаттың гүлдері ескіргенмен,
Гүл — көңілім жаңарып, үлбіреді!
Қашан да раушан гүлің сақталады,
Құлпырады, жанардай шоқтанады.
Көз алдыма келтіріп тұрар дәйім,
Өзіңді де, гүлдері көп даланы,
Серуен құрған жер еді, деп баяғы!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Раушан өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Раушан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Раушан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Раушан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері