Бұл бетте «Сенім» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аяла ардақ жеріңді,
Тау,
Бау,
Өзен-көліңді!
Сенім артсын ел саған,
Бол еліңе сенімді!
Ақта Ананың сенімін,
Ақта ағаның сенімін!
Ақта достар сенімін –
Олар сенің серігің!
Сен бақытты болам деп,
Ұшсаң, қайта қонам деп.
Алысқанды жығам деп,
Жарысқаннан озам деп.
Сен ақ-адал жандарға,
Алдағы атар таңдарға.
Жетелейді ол бақытқа,
Жеткізеді ол арманға!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі