Намыс – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Намыс» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Намыс – алға самғауың,
Қатарыңнан қалмауың.
Сүю Ана тіліңді,
Болу əрі білімді.
Қиындыққа төзуің,
Жарысқанда озуың.
Күрескенде жығуың,
Айтқан сөзде тұруың!
Оқудағы табысың,
Алға басқан əр ісің.
Намысты бол!
Өскен соң
Қорға елдің намысын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері