Домбыра

Бұл бетте «Домбыра» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 6152
Қашан саған қолымды созбағалы,
Кеудеде арман көлі қозғалады.
Қос шек сырбаздаған сырлы саздай,
Керек маған сезімнің тозбағаны.
Басқанша әр пернеңді асықтырып,
Қойдың–ау күміс үнге ғашық қылып.
Көмейден күй ақтарған өзіңе ұқсап,
Дариғай, өтсем деуші ем тасып тұрып.
Бабамның кім сыйламас бұл мұрасын,
Құласа көңіл күйге шын құласын.
Егілген ерді уатып бұл домбыра,
Ұйытқан сай-сала мен құз-қиясын.
Елімнің домбырамен зары бірге,
Шырқаған асқақтата әні бірге.
Салдығы, салтанаты, сәні бірге,
Тегеурінді текпіңді қаны бірге.
Сұлулықты бойына жиып кепті,
Күй құдіретін кеудеме құйып кетті.
Сен қазақты, қазағың ал өзіңді,
О, домбыра, қашан да биіктетті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Домбыра өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Домбыра өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Домбыра өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Домбыра өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері