Өмір деген

Бұл бетте «Өмір деген» атты Nurbek9523 жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өмір деген - тоқтығы емес қарынның,
Өмір деген - адалдығы арыңның.
Саған тілер жалғыз менің тілегім,
Қадірін біл қолыңдағы барыңның.

Өмір деген - жылау емес түнімен,
Өмір деген - жақсы көру шынымен.
Шын бақытты болғың келсе өмірде,
Иманды бол бар Алланың құлымен.

Өмір деген - мен тірімін адаммын,
Өмір деген - саған шаттық маған мұң.
Бес күн жалған марғау тірлік ішінде,
Бақыт деген - бір күлкісі Анаңның.

Өмір деген - түзете алу қатеңді,
Бақыт деген - көру емес жат елді.
Мейірімге құшырлана қана алмай,
Бақыт деген - бір құшақтау Әкеңді.

Қадірін ұқ қара бақыр тыйынның,
Маңызды емес қымбаттығы киімнің.
Қорғаны жоқ жетімдер көп жалғанда,
Бақыт деген - бар болғаны үйіңнің.

Бақыт бізбен санаспайды десекте..
Бақыт құнын өзің онда есепте..
Бақыт деген - орын алу жүректен,
Бақыт деген - жату емес төсекте.

Сезім деген - тәтті кейде қатал - ақ,
Сенім деген - сену емес жата ғап.
Сенімменен сезім мықты үйлессе,
Мәңгілікке туды дей бер махаббат.

Достық деген - қаңғу емес көшеде,
Доспен бірге көгереді көсеге.
Достық деген - ішу емес арақты,
Шын дос болсаң мерейін бір еселе.

Өмір сүру - сезу өмір шаттығын,
Көре білу қараныңда ақтығын.
Өмір деген - отау тігіп үйленіп,
Өмір деген - есту бала тәтті үнін.

Авторы: Нұрбек Бекұлы


Пікірлер (4)

Сымбат

Мағыналы!

Айжан

Керемет

Акбота

Өте керемет! Мағынасы терең.

анон

магынасы терен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір деген өлеңінің авторы кім?

Nurbek9523 — осы өлеңнің авторы.

Өмір деген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір деген өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір деген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер