Іздеймін – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Іздеймін» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 863
Мен қазір
Сөздері де келіскен,
Өздері де келіскен.
Елі мен жері үшін
Билік таластырмай,
Билік бөліскен
Керей мен Жәнібектей
Көсемдерімді іздеймін.
Мен қазір
Қарсы келгенді
Жасындай жасқайтын;
Перідей бүлік,
Жындай бұзықтың өзін
Сөзбенен буып,
Сөзбенен матап тастайтын
Төле мен Қазыбек,
Әйтеке сынды
Шешендерімді іздеймін.
Мен қазір
Шапқан сайын үдеп
Мына тірліктен
Азат табатын;
Тіктеп түскен тұяқтан
Кішігірім қазан асатын
Ошақ қалатын
Тайбурыл секілді
Қазанаттарымды іздеймін.
Мен қазір
Тау қопарып,
Тас жарып кеп
Шалқасынан жатса —
Құшағына! —
Бір аумақ бұлт толатындай;
Етпетінен жатса —
Арқасына! —
Айырплан қонатындай
Қажымұқан тектес
Азаматтарымды іздеймін.
Үмітімді үзбеймін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іздеймін өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Іздеймін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іздеймін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іздеймін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері