Жыланмен арбасу
Бұл бетте «Жыланмен арбасу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Түркістан аймағына
Әйгілі Әубәкір қари
Қаратаудың қойнауында
Сала құлаш
Қара жыланмен арбасты.
Жындарын шақырып,
Перілеріне ақырып,
Бірде қылғынып,
Бірде аһ ұрып
Күңрентіп тау-тасты,
Ала көзін қан басты.
Арбасты!
Арбасты!
Жылан да берілмеді,
Қари да берілмеді.
Ауаны аралап жүгірген
Бір сыбыс өлім деді;
Ауаны аралап жүгірген
Бір сыбыс тәңір деді.
Бір-бірін ала алмады!
Қара жылан да
Бірде —
Үзіліп кетердей! —
Жіптей жіңішкеріп,
Бірде
Шоқпардай болып
Ісініп кетеді.
Әубәкір қари да
Бірде —
Сынып кетердей! —
Таяқтай жіңішкеріп,
Бірде
Күптей боп
Ісініп кетеді...
Апыр-ай,
Қара жыланның
Айыр тілінің
Жалаңдауын-ай!
Әубәкір қаридың
Қып-қызыл көзінің
Алаңдауын-ай...
Екеуінің де
Қысылуын-ай,
Бірін-бірі
Ала алмай қарысып —
Тартыстың —
Ушығуын-ай!
Жоқ болды
Сол кезде
Сұмпайы бір дыбыс —
Қағынған
Сабалап көкті...
Ақыр соңында
Қара жыланың
Ісініп-ісініп-ісініп...
Пышақ тиген местей боп
Айра-жайрасы шығып
Жарылып кетті...
Әубәкір қари
Орнынан зорға тұрды...
... Бірде оңға жүрді,
Бірде солға жүрді...
... Біз дағы
Қатерлі жыланмен
Арбасып,
Қарысып жатырмыз;
Алысып жатырмыз...
Ала алмай жатырмыз
Амалын
Таба алмай жатырмыз...
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі