Дәм – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Дәм» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 652
«Жоғары шық!»
дегенді үйге енгенге,
Жөргегінде бар қазақ үйренген де!
«Пай, құрауыз шықты-ау», – деп қылмысты да
Қысылады дәм ауыз тимегенге.
Ас орамал жая сап асыққанға,
Құрты, майын ұсынып қосып нанға,
Дәм татырмай үйінен шығармайды,
Риза бол деп тағы осы барға.
Барын іркіп қонаққа үйренген ел,
«Жоқ» дегенді намыс қып именген ел.
Ауыл арасы алысқа құрмет өзге,
Түстік асып, мал сояр күй келгендер.
Дастарқанның қазақта жолы басқа,
Сыйлағанға жайылар толып асқа.
Жомарттығы – Атымтай, жайсаң елім,
Сын да тақпас адамға қолы қысқа.
Сыйлы қонақ келсе егер сый өзгеше,
Бір омыртқа сыбаға сый өз десе.
Үйге келген адамға үйдей өкпе,
Айтылмайды,
айтылса, мін өзгеше.
Өмір – кітап бабалар оқығаны,
Ойлантады ғибрат ап тоқығаны,
Опасызға кек қуып жолын кеспей,
Дәм-тұзына тапсырып отырғаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәм өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Дәм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дәм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дәм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері