Қазақ жастарының ұраны – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қазақ жастарының ұраны» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 2588
Біз қазақтың жалынды ұланымыз,
Елге қорған, ертеңгі бұланымыз.
Тәуелсіз де өркенді жас жолбарыс
Отан құрған ер болу ұранымыз.
Қамалмайтын қараңғы, қапас торға,
Сөнбес шырақ маздаған біздің жолда!
Алар асу, қонар шың, бағыт айқын,
Болашақтың аламыз кілтін қолға!
Көтереміз жоғары елдік туын,
Жайқалтамыз жаңа, жас ғылым нуын!
Кәусар бұлақ халыққа көзін ашып,
Сусындайтын етеміз келер буын!
Өркенділік бүгіннің талмас әні,
Шоқан, Абай арманы алға асады.
Тылсымдардың талайғы сырын ашқан
Әл-Фараби салған із жалғасады!
Хас болаттай қайраулы жігеріміз,
Барыс болып басамыз ілгері біз!
Өркенді елдер болашақ көшін бастап,
Дейміз бүкіл әлемге «Бізге еріңіз!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ жастарының ұраны өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қазақ жастарының ұраны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ жастарының ұраны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақ жастарының ұраны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері